01.06.2021, 20:00 8073

Қазақстанда балаларды қорғау күні атап өтуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
НҰР-СҰЛТАН. 1 МАУСЫМ - Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.
 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі", - деп жазды ҚР Президенті Twitter-де.

 
Халықаралық балаларды қорғау күні 1949 жылдың қарашасында құрылды және жыл сайын 1 маусымда атап өтіледі. Мереке алғаш рет 1950 жылы атап өтілді.
 
Балаларды қорғау күні ересектердің назарын балалардың пікір бостандығы, білім алу, зорлық-зомбылықтан қорғау және өмір сүру құқығын сақтауға аудару мақсатында өткізіледі. Ата-аналар, мемлекет сияқты, балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауы және сақтауы тиіс. Бұл туралы БҰҰ 1959 жылы қабылдаған Бала құқықтары декларациясында айтылған.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны