05.07.2022, 15:20 12031

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 187 жаңа жағдайы тіркелді

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 12 пациент ауыр халде.
НҰР-СҰЛТАН. 5 ШІЛДЕ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 187 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 307 517 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Жаңа жағдайлар тіркелді: Нұр-Сұлтанда - 37, Алматыда - 112, Шымкентте - 8, Алматы облысында - 7, Атырау облысында - 10, Жамбыл облысында - 4, БҚО-да - 1, Қарағанды облысында - 7, Қызылорда облысында - 1.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 шілдеде КВИ белгілері бар пневмония және өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
5 шілдеге КВИ-ден 1272 адам (1228 КВИ+ және 44 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 234 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1038 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 12 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 0 пациент бар. 
 
2022 жылғы 5 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 526 880 адам, 2-ші компонентпен - 9 311 581 адам вакцинацияланды. 4 822 501 адам ревакцинацияланды.
 
 Естеріңізге сала кетейік, Алматы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны