04.07.2022, 17:14 11046

Алматы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа өтті

АЛМАТЫ. 4 ШІЛДЕ - Алматы қаласы "сары" аймаққа ауысты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті. 
 

4 шілдеден бастап Алматы қаласы "сары" аймаққа өтті. Қазіргі уақытта қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері қаулыны даярлау үстінде. Қаулыда барлығы жазылады. Осы орайда біз әр азаматты коронавирусқа қарсы вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырамыз", - деді Ержан Байтанаев. 

 
Оның айтуынша, бүгінде коронавирусқа шалдығып жатқан азаматтардың 80 пайызы вакцина алмаған. 
 

Қазақстандықтарды өзі мен жақындарының денсаулығын сақтау мақсатында вакцина алудың барлық процесінен өтуге шұғыл түрде шақырамыз. Бұл процесс ұжымдық иммунитетті қалыптастыра түсу үшін де маңызды", - дейді ол. 

 
Еске сала кетсек, Қазақстан "сары" аймаққа өтсе, Үкімет тарапынан қандай шаралар қолға алынатыны хабарланған еді. 
 
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде елімізде маусым айының ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артқанын атап өтті. 
 
Айта кетейік, коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия қазіргі кезде елімізде "қызыл" аймаққа жататын өңір жоқ екенін мәлімдеді. "Сары" аймақта - Алматы қаласы, "жасыл" аймақта - Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары тұр.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны