08.11.2022, 13:52 12471

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 47 жағдайы тіркелді

КВИ-ден 693 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 8 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 47 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 395 047 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 8 қарашада КВИ-ден 693 адам (553 КВИ+ және 140 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 82 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 611 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 8 пациент,
 
- аса ауыр халде – 2 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 844 185 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 607 287 адам вакцинацияланды. 5 630 150 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны