21.02.2022, 17:50 19871

Қазақстанда COVID-19-ға ұжымдық иммунитет деңгейі 53%-ға жетті

Қазақстанда COVID-19-ға ұжымдық иммунитет деңгейі 53%-ға жетті
НҰР-СҰЛТАН. 21 АҚПАН - Қазақстанда халықтың коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеті 53 процентке жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 10 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды.

Вакциналауға жататын ересек адамдардың саны 82 процент. Ал халық санына қарай есептейтін болсақ, ұжымдық иммунитет 53 проценттен асты", – деді Есмағамбетова шектеу шараларын жеңілдетуге арналған онлайн-лекторий кезінде.


Осы орайда бас санитарлық дәрігер ревакцинацияның маңыздылығын да ерекше атап өтті. Соның арқасында ұжымдық иммунитетті тиісті деңгейге көтеріп қана қоймай, оны ұстап тұруға болады.

Айта кетері, Қазақстандағы ревакцинация былтыр қараша айында басталған болатын. Осы уақытқа дейін 2 миллион 400 мың адам немесе вакциналауға жататын халықтың 52 проценті қайта екпе салдырды.

Бұрынғы екпенің күші әлсіреген сайын ревакцинация жасауға тиіс адамдар саны артады.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жылдың аяғына дейін ұжымдық иммунитетті 40 процентке дейін жеткізу керектігін мәлімдеген. Ал келесі жылдың ортасына дейін халықтың 70 процентінде иммунитет болуы қажет.

Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны