25.05.2021, 21:15 8490

Қазақстанда COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады - Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан КВИ таралу қарқыны бойынша "сары" аймақта тұр.
НҰР-СҰЛТАН. 25 МАМЫР - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазіргі уақытта елімізде сырқаттанушылықтың төмендеуінің оң динамикасы және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны сәуір айының соңы мен мамырдың басындағы апталық аурушаңдықпен салыстырғанда 4 мыңға азайды. Жалпы, соңғы айда аурушаңдылық 20%-ға төмендеді", - деді Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.

 
Оның айтуынша, республика бойынша инфекциялық төсек-орындарды қамту 33%-ды құрайды және биылғы мамырдың басымен салыстырғанда 8%-ға төмендеді, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 2%-ға төмендеді және 26%-ды құрайды.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстан КВИ таралу қарқыны бойынша "сары" аймақта екенін хабарлады.
 
Республикаішілік көрсеткіштер бойынша "қызыл" аймақта бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары орналасқан. Батыс Қазақстан облысы қызыл және сары аймақтардың шекарасында орналасқан. 
 
 "Сары" аймақта 6 өңір бар: Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы. 
 
 "Жасыл" аймақта - Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны