21.02.2023, 19:31 20871

Қазақстанда КВИ және тұмаумен сырқаттанушылық өсуде

Қазақстанда КВИ және тұмаумен сырқаттанушылық өсуде
Сурет: Depositphotos
Тәулігіне 120-ға дейін КВИ+ және 20-ға дейін КВИ- жағдайы тіркелуде, науқастардың 99%-ы сауығып шықты

Астана. 21 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Сейсенбі, 21 ақпанда ОКҚ брифингі барысында Денсаулық сақтау министрлігі Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова коронавирус және тұмаумен ауыратындар санының артқанын хабарлады.
 
Республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне 120-ға дейін КВИ+ және 20-ға дейін КВИ- жағдайы тіркелуде, науқастардың 99%-ы сауығып шықты.
 

Қазақстанда соңғы 2 аптада алдыңғы 2 аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,4 есе өсті, яғни 754-тен 1075 жағдайға дейін", - деді Роза Қожапова.

 
Қазіргі уақытта тұмаудың 3213 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 1299 жағдай, бұл науқастардың жалпы санының 40% құрайды. Өткен аптамен салыстырғанда тұмау жағдайларының саны 11 жағдайға өсті, яғни аптасына 24-тен 35 жағдайға дейін.
 
Өз кезегінде медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс инфекционисті Бақыт Көшерова тұмау, ЖРВИ және КВИ-дің назар аударарлық ерекшеліктері бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, науқастарда 3-5 күн ішінде дене температурасы 38-ден 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
 

Интоксикацияның айқын белгілері: әлсіздік, көп терлеу, тез шаршау. Кейбір науқастарда қайталама бактериялық инфекциялар болуы мүмкін: пневмония, іріңді синусит, тонзиллит, отит. Герпес инфекциясы болады. Сонымен қатар созылмалы инфекциялық емес аурулары бар науқастарда жеке көрсеткіштердің жоғарылауы байқалады. Мысалы, қант диабетімен ауыратын науқастарда қандағы глюкоза деңгейі көтеріледі", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.

 
Бұл ретте Бақыт Көшерова қазақстандықтарды скринингтен, профилактикалық тексерулерден уақытылы өтуге, ковидтен кейінгі синдром нәтижесінде туындауы мүмкін асқынуларды болдырмау үшін профилактикалық егулер алуға шақырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны