01.02.2022, 17:35 15241

Қазақстанда оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылығы өсті

Денсаулық сақтау министрі 12 жастан асқан балалардың ата-аналарын балаларды вакциналау бойынша шешім қабылдауға шақырды.
Қазақстанда оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылығы өсті
НҰР-СҰЛТАН. 1 АҚПАН - Соңғы аптада оқушылардың арасында КВИ-мен сырқаттанушылық 1,3 есе өсті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі балалардың, соның ішінде мектеп оқушыларының арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингін жалғастыруда. Осылайша, жалпы ел бойынша сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі оқушылардың арасындағы эпидемиологиялық жағдайға да әсер етті.
 

Қаңтар айының ортасынан бастап біз сырқаттанушылықтың айтарлықтай өсуін көріп отырмыз. Соңғы аптада оқушылардың арасында КВИ-мен сырқаттанушылық 1,3 есе өсті", — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

 
КВИ-мен ауырғандардың жалпы санынан оқушылардың 10%-дан жоғары үлесі Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады, деп нақтылады Денсаулық сақтау министрі.
 

Офлайн оқытуға көшуді және жас тұрғындардың Омикрон түрін жұқтыруға бейімділігін ескере отырып, аумақтық әкімдерден білім беру ұйымдарында санитарлық-дезинфекциялық, бетперде режимі талаптарының, сыныптардың толықтырылуын және коронавирустық инфекцияның алдын алудың өзге де белгіленген шараларының орындалуын қамтамасыз етуді сұраймын. Сондай-ақ, 12 жастан асқан балалардың ата-аналарын балаларды вакциналау бойынша шешім қабылдауға шақырамын", - деп қорытындылады Ғиният.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР-да коронавируспен сырқаттану жағдайы тұрақталмаған: көптеген өңірлер "қызыл аймақта". Өткен тәулікте ПТР-тестінің оң нәтижесімен 5 466 жаңа жағдай және коронавирустық инфекция белгілерімен пневмонияның 13 жағдайы тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны