06.01.2022, 16:20 1191

Қазақстанда оқушылар мен студенттер үшін қысқы демалыс ұзартылды

Қазақстанда оқушылар мен студенттер үшін қысқы демалыс ұзартылды
НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚАҢТАР - Қазақстандық оқушылар мен студенттердің қысқы демалысы ұзартылды.
 
Қазақстандық оқушылардың қысқы демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Қысқы каникул кезінде мектеп мұғалімдері елді мекендегі жағдайға байланысты қашықтан немесе дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Балабақшалар нақты елді мекендегі ахуалға байланысты ашылады.
 
Айта кетері, қазіргі таңда балабақшалардың басым бөлігі бүлдіршіндерді қабылдап жатыр.
 
Колледж бен жоғары оқу орындарының студенттері академиялық күнтізбеге байланысты каникулдан 24 қаңтарда шығады, деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. 
 
Қазақстандық оқушылардың каникулы 10 қаңтарда аяқталуға тиіс еді.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны