14.07.2021, 19:45 20100

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 14 ШІЛДЕ - Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазтелерадио контактілері" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - деп хабарлайды "Қазтелерадио" АҚ.

 
 "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.
 

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - деп атап өтті "Қазтелерадио" АҚ.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны