20.10.2022, 13:11 31206

Қазақстанда өткен тәулікте 51 адам коронавирус жұқтырды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 20 қазанда КВИ-ден 971 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 20 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 51 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 406 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 20 қазанда КВИ-ден 971 адам (827 КВИ+ және 144 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 107 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 864 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 4 пациент,
 
- аса ауыр халде – 5 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар.
 
18 қазанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 8 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 840 776 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 601 392 адам вакцинацияланды. 5 587 083 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны