12.07.2022, 15:59 16506

Қазақстандықтардың байланыс сапасының нашарлығына қатысты шағымдарының саны 10 есеге артты

Қазақстандықтардың байланыс сапасының нашарлығына қатысты шағымдарының саны 10 есеге артты
НҰР-СҰЛТАН. 12 ШІЛДЕ - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүргізген талдау көрсеткендей, байланыс сапасының нашарлығына шағымдар саны 10 есе өскен, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2021 жылдың қорытындысы бойынша министрлік 562 тексеру жүргізді (2020 жылы 51 тексеру, ал 2019 жылы 93 тексеру жүргізілді).
 
Ведомствоның ақпараты бойынша, енді бұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторлары 100 АЕК орнына 1000 АЕК-ке айыппұл салады, ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл сомасы 200-ден 1500 АЕК-ке дейін өседі.
 

Операторға қатысты байланыстың немесе Интернеттің нашар сапасына тексеру жүргізу үшін қазақстандықтар ресми өтінішті Телекоммуникациялар комитетінің (ЦДИАӨМ) не тиісті облыс министрлігінің аумақтық байланыс инспекциясының мекенжайына "электрондық үкімет" порталы, "Е-Оtinish" өтініштер беру жүйесі арқылы не қағаз түрінде жолдаулары қажет. Өтініште шағымның мәнін, байланыс операторының атауын және тексеру жүргізу қажет өтініш берушінің нақты мекенжайын көрсету міндетті", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

 
Өтінішті алғаннан кейін прокуратура органдарында тексеруді тағайындау туралы акт тіркеледі. Тексеру барысында көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасы бойынша өлшеулер жүргізіледі. Операторға қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік хаттама жасалады және лауазымды тұлға белгілеген мерзімге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіледі.
 
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 11 шілдеде ҚР Президенті ӘҚБтК-не түзетулерге қол қойды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны