02.03.2023, 11:43 33656

Азаптау құрбандары мен жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарға шамамен 312 млн теңге төленді

Қабылданған заңның маңыздылығы мен әлеуметтік бағытын ескере отырып, қылмыстың құрбаны болған адамдар мемлекеттен өтемақы алуға құқылы
Азаптау құрбандары мен жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарға шамамен 312 млн теңге төленді
Астана. 2 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгінгі таңда Қаржы министрлігі азаптау, адам саудасы құрбандарына, жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарға Өтемақы қорынан 312 млн теңгеден астам қаражат төледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі түсіндіргендей, өтемақы - ҚПК-не сәйкес жәбірленуші деп танылған адамға Заңда белгіленген тәртіппен біржолғы ақша төлемі.

Қор барлық сотталған адамдардан сот үкімімен өндіріп алынатын мәжбүрлі төлемдер есебінен қалыптастырылады.

Қордың мақсаты - қылмыстан материалдық зардап шеккен, бірақ қылмыс ашылмағандықтан немесе кінәлі сот төрелігінен жасырынғандықтан өтемақы алмаған азаматтарды қолдау.

Бүгінгі таңда Қаржы министрлігімен 312 млн теңгеден астам қаржы төленді.

Ведомствода түсіндірілгендей, көмек алушылар:

- жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші болып табылатын кәмелетке толмағандар, адам саудасы мен азаптауға байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші деп танылған адамдар;

- денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар;

- жәбірленуші қайтыс болған жағдайда жәбірленушінің құқықтары берілген адамдар.

Қылмыстар құрамының айрықша тізімі жоғарыда аталған бапта көрсетілген.

Заңға сәйкес, оны алушылардың бірі азаптауға байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші деп танылған адамдар болып табылады (ҚК 146-бабы).

Азаптау құрбандарына өтемақы 30 АЕК (ҚК 146-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша) және 40 АЕК (ҚК 146-бабының 3-бөлігі бойынша) мөлшерінде тағайындалады.

Заң бойынша өтемақы тағайындау не одан бас тарту туралы шешімді қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уәкілетті басшысы қабылдайды (Заңның 6-тармағының 8-бабы).

Қабылданған заңның маңыздылығы мен әлеуметтік бағытын ескере отырып, қылмыстың құрбаны болған адамдар (Заңның 6-бабында көрсетілген тізбе) мемлекеттен өтемақы алуға құқылы екендігі халыққа қосымша түсіндіріледі.

Өтініш берудің ескіру мерзімі адамды жәбірленуші деп таныған күннен бастап үш жылды құрайды, өткізіп алған мерзімді жәбірленушінің өтініші бойынша сот қалпына келтіреді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны