02.12.2021, 20:09 56037

"ҚазТрансОйл" АҚ тұтынушыларына жылу тарифтері төмендетілді

"ҚазТрансОйл" АҚ тұтынушыларына жылу тарифтері төмендетілді
НҰР-СҰЛТАН. 2 ЖЕЛТОҚСАН - "ҚазТрансОйл" АҚ тұтынушыларға жылу тарифтерін төмендетеді. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті. "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 2020 жылға арналған реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметалардың орындалуына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша, жылу энергиясын беру және бөлу жөніндегі бекітілген тарифтік сметаның шығындар бабы бойынша орындамау анықталды, онда шешім қабылдау кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып негізсіз алынған кірістің жалпы сомасы 5,09 мың теңгені құрады", - деп хабарлады ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі.

 
Сондай-ақ, жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар баптарының орындалмауы анықталды, онда шешім қабылдау сәтіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып негізсіз алынған кірістің жалпы сомасы 98,23 мың теңгені құрады. Осыған байланысты, Табиғи монополияларды реттеу комитеті тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы негізсіз алынған кірісті қайтару бөлігінде шаралар қабылдады.
 

"ҚазТрансОйл" АҚ-ның жылу энергиясын беру және бөлу бойынша уақытша өтемдік тарифтің деңгейі 1 жылға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,29%-ға төмендеп, ҚҚС-сыз 269,51 теңге/Гкалды құрайды (ҚҚС-сыз 270,29-дан 269,51 теңге/Гкал-ға дейін). Жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу бойынша уақытша өтемдік тарифтің деңгейі 1 жылға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,60%-ға төмендеп, оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша сараланып ҚҚС-сыз 6018,38 теңге/Гкалды құрайды (орташа орташа өткізу тарифі - ҚҚС-сыз 6054,65-тен 6018,38 теңге/Гкалға, халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындар ҚҚС-сыз 1723,29-дан 1712,97 теңге/Гкалға және өндірістік кәсіпорындар және коммерциялық ұйымдар ҚҚС-сыз 11801,89-дан 11731,19 теңге/Гкалға)", - деп мәлімдеді ведомствода.

 
Бұл ретте, "ҚазТрансОйл" АҚ-ы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның шешіміне шағымдануға құқылы.
 
Комитет табиғи монополиялар субъектілерінің табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізетінін атап көрсету қажет.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны