05.04.2021, 19:18 16990

Бекшин карантин шараларының неліктен жеңілдетілгенін түсіндірді

АЛМАТЫ. 5 СӘУІР - Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында карантин шараларының неліктен жеңілдетілгенін түсіндірді.
 

Біз зерттей келе мұндай шектеу шараларының кері тұсын анықтадық. Мәселен, шаштараз адамдарды өз үйінде қабылдай бастады. Сол сияқты қосымша білім беретін ұйымдардың мұғалімі де балаларды үйінде қабылдады. Ол жерде ешқандай санитарлық қауіпсіздік шарасы сақталмаған. Сондай-ақ ірі сауда үйлері жабылған соң квартал ішілік дүкендерге адамдар көптеп бара бастады. Онда да қауіпсіздік шарасы дұрыс сақталмаған. Ірі сауда орталықтарында санитарлық шаралар сақталады және адамдардың көптеп жиналмауын бақылайтын адамдар бар", - деді ол.

 
Сонымен қатар, ол қаладағы қоғамдық көліктерді сенбі, жексенбі күндері тоқтату тиімді болмағанын атап өтті.
 

Эпидемиологиялық зерттеу бойынша 14-20 наурыз аралығында қоғамдық көлікте вирус жұқтыру деңгейі 18,2% болған, ал жаңа Қаулы енгізілген соң, яғни автобусты белгілі бір уақытта жүргізгенде вирус жұқтыру 21,3%-ке дейін өскен. Бұл жерде қолға алған қатаңдатылған шара өз нәтижиесін бермеді, тиімді болмады", - дейді ол.

 
Еске салайық, Алматыда шектеулі карантиндік шаралар 3 сәуірден бастап жеңілдетілді. Сауда орталығы мен базарларға жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді.
 
Сонымен қатар, қоғамдық көліктер демалыс күндері штаттық режимге сәйкес қатынайды. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны