12.09.2022, 16:07 23481
Досаев Алматыны дамытудың жаңа жоспарын таныстырды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Мәслихат сессиясында әкімдік өкілдері жоспарды құру кезінде Токио, Лондон сияқты әлемдегі ірі қалалардың тәжірибесіне сүйенгендерін жеткізді, деп хабарлайды Экспресс К.
Жапония мен Ұлыбританияның астаналары мегаполистердің ішінде бірнеше экономикалық және мәдени орталықтарды құруға сәтті қол жеткізіп, қаланың әртүрлі бөліктерінің біркелкі емес дамуы мәселелерін шеше алды", - делінген газет хабарламасында.
Барлық аудан бірігу және көшелердің желісі есебінен өзара байланыста болады. Қала тұрғындары қаланың кез-келген жеріне оңай бара алады. Полиорталықтарды дамыту экономиканың өсуіне және көшелерді әлеуметтендіруге ықпал етеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Север" – Алматы-1 темір жол станциясына іргелес аумақ. Бұл жерде қызмет көрсету саласы дамиды. Өндіріс пен базарлар жойылады. ҮАК бойы, Баум тоғайы сынды кейбір аумақтар демалыс пен көгалдандыруға қолданылады", - делінген баспасөз хабарламасында.
"Шығыс қақпасы" – Талғар және Құлжа тас жолының ауданы. Әуежай аймағындағы көрме-ойын-сауық орнына және логистикалық хабқа айналады.
"Батыс" – Сайын және Рысқұлов даңғылдарының қиылысынан солтүстік-батысқа қарай. Индустриялық кәсіпорындар, көлік-логистикалық хаб.
"Оңтүстік-батыс" – Райымбек даңғылы мен Алатау көшесі. Шағын-өнеркәсіптік саябақтар, агроөнеркәсіптік өңдеу, сауда және логистика нысандары, әкімшілік-іскерлік орталықтар", - деп хабарлайды әкімдік.
"Тарихи орталық" – Алматының өзегі. Мұнда инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы және туристік бағыттар одан әрі дамитын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.03.2026, 14:58 8926
Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты
Сурет: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Достарға айту
Өскемен қаласында республикалық "Таза Қазақстан" бастамасы аясында ұйымдастырылған "Қала көркін сақтайық" атты қалалық жастар акциясы өтті. Волонтерлер мен белсенді жастар қала көшелеріне шығып, қоғамдық орындарды заңсыз ілінген жарнамалық хабарландырулар мен парақшалардан тазартты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Акцияға "Қалалық волонтерлер фронт-офисінің" еріктілері қатысты. Жастар аялдама кешендерін, ғимараттардың қабырғаларын, бағаналарды және рұқсатсыз хабарландырулар жиі ілінетін басқа да қоғамдық нысандарды тазалау жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай парақшалар тек абаттандыру талаптарын бұзып қана қоймай, қалалық инфрақұрылымның сыртқы келбетіне де айтарлықтай кері әсер етеді. Уақыт өте келе ретсіз ілінген жарнамалар визуалды "шу" қалыптастырып, қаланың көркін бұзып, күтімсіз орта әсерін тудырады.
Акцияның негізгі мақсаты - тұрғындарды ортақ идея төңірегіне біріктіру: Өскеменді таза, жайлы әрі өмір сүруге тартымды қалаға айналдыру.
Жастар өкілдерінің айтуынша, осындай іс-шараларға қатысу жас буынның қоршаған ортаға және қалалық кеңістікке деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Біз қалаға деген қамқорлық әр адамнан басталатынын көрсеткіміз келеді. Таза көшелер, жинақы аялдамалар мен ұқыпты қоғамдық орындар - тұрғындардың мәдениетінің айғағы. Бүгінгі акция тек қаланы заңсыз жарнамадан тазартуға ғана емес, сонымен қатар жастар арасында экологиялық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған", - деді акцияға қатысушылардың бірі.
Урбанистика және абаттандыру саласындағы сарапшылардың пікірінше, заңсыз жарнама мәселесі көптеген қалалар үшін әлі де өзекті. Тауарлар мен қызметтерді жарнамалайтын хабарландырулар көбінесе аялдамаларға, ғимараттардың қасбеттеріне және жарық бағаналарына рұқсатсыз ілінеді. Нәтижесінде қалалық орта біртіндеп өзінің эстетикалық келбетін жоғалтып, қоғамдық кеңістіктер ретсіз ақпараттық алаңға айналады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Ал жастардың белсенді қатысуы заманауи әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға маңызды үлес қоспақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.03.2026, 15:57 15561
Қазақстан халқы референдум барысында ерекше ықыласпен дауыс беріп жатыр - Түркі мемлекеттерінің ұйымының өкілі
Достарға айту
Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман "Референдум - 2026" онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте сөз сөйлеп, дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқаны жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.
Біз Астана қаласында Референдум барысын бақыладық. Жалпы, референдум барысын қадағалау кезінде шараның халықаралық стандарттарға сай және өте жоғары деңгейде өтіп жатқанына куә болдық", - деді спикер.
Ол референдумды бақылау барысында халықтың дауыс беруге ерекше ықыласпен қатысып жатқан байқағанын айтты.
Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды құжат. Елдің мемлекеттік басқару жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда. Парламенттің атауы өзгеріп, дәстүрлі түрде "Құрылтай" деп аталуда. "Вице-президент" деген лауазым енгізіледі. Дауыс беру Қазақстанның заңнамасына, халықаралық стандарттарға толықтай сай өтіп жатқанын байқадық", - деді О. Кодджаман.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 11:55 92241
Түркістан әуежайы қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті авиаотынды бөлшек саудада өткізу тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен.
Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасын бұзу белгілері анықталды.
Осыған байланысты "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ-ға келісімдердің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді таңу белгілері бойынша тергеп-тексеру тағайындалды.
Тергеп-тексеру барысында "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында өткізу құқығы үшін алым өндіргені анықталды. Аталған әрекеттерден Департамент Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 4) тармақшасында көзделген бұзушылықтарды анықтады.
Түркістан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,3 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2026, 12:31 193266
Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды
Сурет: railways.kz
Достарға айту
Ұлттық тасымалдаушы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның "Магистральдық желі дирекциясы" филиалымен бірлесіп, мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметін іске қосты. Аталған сервис вокзал қызметкерлерінің көмегін алдын ала рәсімдеуге мүмкіндік беріп, жолаушыны автокөліктен вагонға дейін және кері бағытта, сондай-ақ, вокзал аумағында толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды railways.kz.
Теміржол көлігімен сапарлау кезінде көмек алу өтінімін bilet.railways.kz сайтында рәсімдеуге болады.
Қазіргі таңда қызмет арнайы арбалармен жабдықталған 57 вокзалда қолжетімді. Егер таңдалған вокзалда қызмет уақытша көрсетілмесе, билет рәсімдеу кезінде тиісті опциялар көрінбейді.
Қызметті рәсімдеу үшін:
1. bilet.railways.kz сайтынан билет сатып алу;
2. Сатып алу барысында "Мүгедек" опциясын таңдап, ЖСН мен мүгедектік туралы анықтаманың нөмірін көрсету;
3. Қажетті көмек түрлерін белгілеу.
Қолжетімді көмек түрлері:
- пойыз жөнелтілер алдында вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
- пойыз жөнелтілер алдында арнайы арба ұсыну;
- пойыздан түсу кезінде вокзал қызметкерінің сүйемелдеуі;
- пойыздан түсу кезінде арнайы арба ұсыну.
Өтінімді алдын ала рәсімдеу вокзал қызметкерлеріне дер кезінде дайындалып, жолаушыға сапардың барлық кезеңінде уақтылы әрі толыққанды көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін жол жүруге жеңілдікті шарттар қарастырылған:
- әлеуметтік маңызы бар бағыттарда - 50% жеңілдік;
- коммерциялық "Тальго" пойыздарында арнайы купелерге, оның ішінде ілесіп жүретін адамға арналған орынға - 50% жеңілдік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 18:08 187996
Алматыда сот шешімімен тұрғын үйдің бір қабаты сүрілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Шақшақ-Жәнібек көшесі, 3 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің үшінші қабатының сүрілгенін айтты, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі (жеке тұлға) рұқсатсыз тұрғын үйді қайта жаңғыртып, жалпы аумағы шамамен 200 шаршы метр болатын үшінші қабатты салғаны анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы нұсқама берілді.
Меншік иесі нұсқама талаптарын орындамағандықтан, басқарма Медеу аудандық сотына үшінші қабатты бұзу туралы талап арыз берді.
2025 жылы 22 тамызда сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.
Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды бұза бастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 20:11 228606
Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ
Достарға айту
Қазақстан Республикасында Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, профилактика мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті.
Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады. Осы инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізбесі тұрақты негізде қайта қаралады және жаңартылады.
Медициналық ұйымдар инфекцияны әкелу мүмкін болған жағдайда дайындыққа келтірілді. Шұғыл медициналық көмек және инфекциялық стационарлар бригадаларының дайындығы қамтамасыз етілді, дәрілік заттардың, жеке қорғану құралдарының және дезинфекциялау құралдарының азайтылмайтын қорлары қалыптастырылды.
Инфекцияның таралуының профилактикасы мақсатында эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға жеке профилактика шараларын сақтау және қайтып келгеннен кейін аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігерге болу елі туралы хабарлай отырып, дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.
Анықтама:
Нипах вирусы зооноздық инфекцияларға жатады және адамдарға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, сондай-ақ жұқтырған адаммен тығыз байланыста болады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы берілуі мүмкін.
Ауру жоғары температурамен, бас ауруымен, жалпы әлсіздікпен, ал ауыр жағдайларда орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және пневмонияның дамуымен бірге жүруі мүмкін.
Бүгінгі күні Нипах вирусына қарсы арнайы емдеу және мақұлданған вакцина жоқ, медициналық көмек симптоматикалық болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 21:15 331751
Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты заңсыз ғимарат бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмаған.
2025 жылы 8 мамырда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Сот шешімі орындалуы үшін Әділет департаментіне жолданған.
Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 11:17 340746
Күн бетінде ең қуатты жарқыл болды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
18 қаңтар кешінде тіркелген 2026 жылғы алғашқы қуатты күн жарқылы X1,9 деңгейіне жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
18 қаңтарда Мәскеу уақытымен сағат 21:09-да рентген диапазонындағы 4341 күн дақ тобында (S14E22) 59 минутқа созылған X1.9 жарқылы тіркелді", - делінген Ресейдің Е.К.Федоров атындағы қолданбалы геофизика институтының хабарламасында.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, https://tass.ru/nauka/26180397 X класындағы соңғы жарқыл 8 желтоқсанда тіркелген.
Күн жарқылдары рентген сәулеленуінің қарқындылығына байланысты бес класқа бөлінеді: A, B, C, M және X. Ең төменгі клас, A0.0, Жер орбитасындағы шаршы метрге 10 нановатт рентген сәулелену қарқындылығына сәйкес келеді.
Келесі әріпке өткен кезде қарқындылық он есе артады. Жарылыстар күн плазмасының шығарындыларымен қатар жүруі, олардың бұлттары Жерге жеткенде магниттік дауылдарды тудыруы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.03.2026, 11:53Женевада телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды 17.03.2026, 12:45 4801Мәскеуде Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Референдумның қорытындылары талқыланды
12.03.2026, 13:25 189871Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының сессиясында ядролық державалар арасындағы диалогты қайта жандандыруға шақырды13.03.2026, 10:24 189521Қазақстан мен Малайзия сауда, инвестиция және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда12.03.2026, 14:07 188706Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9926 қазақстандық елге қайтарылды12.03.2026, 21:21 188701Стокгольмде Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды12.03.2026, 15:10 188656Астанада Қазақстан-Бельгия саяси консультациялардың алтыншы раунды өтті
04.03.2026, 10:54 238116Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 230326Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229786Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229771Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229736Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

