10.12.2021, 20:06 194308

Еңбек министрлігі жеткіліктілік шегін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы қаулы дайындады

Құжаттың мәтіні "Ашық НҚА" порталында жарияланған және 2021 жылғы 27 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін қолжетімді.
Еңбек министрлігі жеткіліктілік шегін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы қаулы дайындады
Сурет: kapital.kz
НҰР-СҰЛТАН. 10 ЖЕЛТОҚСАН - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылы белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы қаулы дайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Құжаттың мәтіні "Ашық НҚА" порталында жарияланған және 2021 жылғы 27 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін қолжетімді.
 

Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген 2021 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегі 2022 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады деп белгіленсін", - делінген қаулыда.

 
Құжатқа түсіндірме жазбада жобаны қабылдау 2022 жылғы 1 сәуірге дейін 2021 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шектеріне сәйкес зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік береді делінген.
 
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Еске сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бұрынғы жеткіліктілік шектерінің қолданылу мерзімін ұзартуды тапсырған болатын.
 
Бүгін зейнетақыны "Отбасы банкіндегі" депозитке аударуға болатыны белгілі болды. Бұйрықты мерзімінен бұрын жариялау туралы шешімді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қабылдады. "Отбасы банкінің" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, депозитті www.enpf-otbasy.kz платформасында онлайн толықтыруға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны