09.12.2021, 20:04 154470

Тоқаев Үкіметке бұрынғы жеткіліктілік шектерінің қолданылу мерзімін ұзартуды тапсырды

Тоқаев Үкіметке бұрынғы жеткіліктілік шектерінің қолданылу мерзімін ұзартуды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. 9 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақыны мерзімінен бұрын алу үшін бұрынғы жеткіліктілік шектерінің қолданылу мерзімін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды. Бұл туралы Facebook-те Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты. Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі", - деп хабарлайды баспасөз хатшысы.

 
Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету. Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам. 
 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды", - делінген хабарламада.

 
Бұған дейін БЖЗҚ келесі жылдан бастап зейнетақыны мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегін өзгертетіні хабарланған болатын. Бұл өзгерістер қазақстандықтардың көпшілігінің ашуын туғызды, белсенділер тіпті БЖЗҚ шешіміне қарсы петициямен қол жинауды ұйымдастырды



 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны