24.02.2023, 13:31 37676

Елорда әуежайы ұшу-қону жолағын жөндеуге байланысты рейстер кестесін өзгертеді

Жөндеу жұмыстары 2023 жылдың 15 шілдесі мен 8 тамызы аралығында жоспарланған
Елорда әуежайы ұшу-қону жолағын жөндеуге байланысты рейстер кестесін өзгертеді
Астана. 24 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Астана әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеуге байланысты рейстер кестесі өзгертіледі, деп хабарлайды Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі.

Елордалық әуежайдың сайтында жөндеу жұмыстары 2023 жылдың 15 шілдесінен 8 тамызына дейін (күн сайын сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін) жоспарланып отырғаны хабарланды.

Осыған байланысты Air Astana әуекомпаниясы елордадан және елордаға орындалатын рейстер кестесіне қажетті өзгерістер енгізіп жатыр.

Осы уақыт аралығына жоспарланған әуекомпания рейстері ертерек немесе кейінірек уақытқа ауыстырылады. Өзгеріске ұшыраған рейсттердің жолаушыларына билетті сатып алу орнында тегін қайта брондау немесе толық қайтару ұсынылады", - делінген Air Astana әуекомпаниясының хабарламасында.


Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық әуекомпанияларға өткен жылы рейстерді жүйелі түрде кешіктіргені және жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 24,5 млн теңгеге айыппұл салынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны