13.07.2022, 15:42 10396

Елордалық әуежай ұшу-қону жолағының жөнделуіне байланысты рейстер кестесін өзгертеді

Елорда әуежайында күндізгі рейстер тоқтатылды.
Елордалық әуежай ұшу-қону жолағының жөнделуіне байланысты рейстер кестесін өзгертеді
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 13 ШІЛДЕ - Елорда әуежайында күндізгі рейстер тоқтатылды. Нұр-Сұлтан әуежайында 15 шілдеден бастап жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 
 
Осылайша, 20 рейстің уақыты өзгерген, деп жазады елорда әуежайының баспасөз қызметі.
 
15 шілде-8 тамыз аралығында сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін әуежайдың ұшу-қону жолағына жоспарлы жөндеу жүргізіледі.
 
Аталған кезеңге жоспарланған рейстердің барлығы бірнеше ай бұрын кешкі немесе түнгі уақытқа ауыстырылған.
 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны