15.02.2022, 16:14 16506

Елордалық әуежайда 17 рейс кешіктірілді

Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз ауа райынан әуе рейстері кешігіп жатыр.
Елордалық әуежайда 17 рейс кешіктірілді
НҰР-СҰЛТАН. 15 АҚПАН - Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз ауа райынан әуе рейстері кешігіп жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов мәлім етті.
 

Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан 10 ұшып шығатын және 7 ұшып келетін әуе рейсі кешіктірілді. Жолаушылардан әуе рейсі туралы ақпаратты колл-орталыққа хабарласып немесе әуежайдың анықтама бөлімінен білуін сұраймыз", - деді Әнуар Шәлекенов.

 
Еске сала кетейік, "Қазгидромет" мамандары 15 ақпан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамына сәйкес, атмосфералық ағындарға байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны