13.08.2021, 18:30 10138

Елордалық әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу аяқталды

13 тамыздан бастап әуежай бұрынғы жұмыс режиміне өтті – тәулігіне 24 сағат.
НҰР-СҰЛТАН. 13 ТАМЫЗ - Елордалық әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу аяқталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағы мен жарық сигнал беру жабдығының жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстары 21 шілде мен 12 тамыз аралығында жүргізілді. Қазіргі уақытта ұшып шығу және ұшып келу кестесі қайта жаңартылды. 13 тамыздан бастап әуежай бұрынғы жұмыс режиміне өтті – тәулігіне 24 сағат", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны