25.04.2022, 18:13 17426

ИИДМ: Шымкентте несиелік тұрғын үйді сатуға кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады

ҚР ИИДМ министрі Қайырбек Өскенбаев Шымкент қаласында несиелік тұрғын үйді сатуға байланысты жағдайды қатаң бақылауға алды.
ИИДМ: Шымкентте несиелік тұрғын үйді сатуға кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады
ШЫМКЕНТ. 25 СӘУІР - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Шымкент қаласында несиелік тұрғын үйді сатуға байланысты жағдайды қатаң бақылауға алды. Кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселе құзыретті органдармен қаралатын болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Шымкент қаласында "7-20-25" тұрғын үйді несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өткен санкцияланбаған конкурсқа қатысты ведомствоның ресми түсініктемесін жариялайды.
 

Орын алған бұл оқиға зерделенді. Санкцияланбаған конкурс өткізу фактісі бойынша ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Шымкент қаласының әкімдігіне "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан несиелік тұрғын үйді беру тетігін түсіндіре отырып, хат жолдады", - делінген ведомство хабарламасында.

 
Аталған бағдарламаның талаптарына сәйкес, салынған несиелік тұрғын үйлер кезекте тұрған азаматтар мен салымшыларға кезең-кезеңімен "Отбасы банкі" арқылы беріледі. Осыған байланысты әкімдік тұрғын үйді сату үшін аталған банкпен қажетті келісім жасауы тиіс.
 
ҚР ИИДМ заңнама шеңберінде әкімдіктің шешімін қайта қарау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның іс-қимылын қолданыстағы тұрғын үй бағдарламасының талаптарына сәйкес келтіру қажеттігін атап өтті.
 

Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасына сәйкес құзырлы органдар кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады", – делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің ресми хабарламасында. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны