24.08.2022, 16:24 15886

Кейбір қазақстандық мектептеріндегі бейнекамералар жұмыс істемейтін болып шықты

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кейбір қазақстандық мектептеріндегі бейнекамералар жұмыс істемейтін болып шықты
Сурет: Polisia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 24 ТАМЫЗ - Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Асхат Аймағамбетов техникалық жабдықтау мен оның сапасына тоқталып, жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымдары бейнекамералармен 100% қамтылғаны туралы есеп беретінін атап өтті. Бірақ тексеру болғанда елеулі кемшіліктер анықталады. Барлық камера жұмыс істемейді, қала мектептерінің бір бөлігі ЖБО-ға (Жедел басқару орталығы) қосылмаған. Сондай-ақ, министр камералардың саны туралы есеп емес, осы камералардың қанша баланы қамтитыны маңызды екеніне баса назар аударды.
 
Сонымен қатар, кездесуде Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында Ішкі істер министрлігі өкілдерімен бірлесіп, оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты сабақтар өткізетіні туралы айтылды. Бұл сабақтарға білім беру ұйымдарының өкілдері де, құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысады.
 

Қыркүйектің басынан бастап 5 мыңнан астам полиция қызметкері мектептерге барып, профилактикалық сабақтарды бірлесіп өткізеді. Бұған мұғалімдер, директордың орынбасарлары және директорлар белсене қатысады. Оқу жылының басында ішкі істер органдарынан мектеп жанындағы кезекшілікті күшейтіп, қажет жерлерге арнайы жол белгілерін қойып, алдын алу шараларын жүргізуді сұраймыз. Барлық мектеп автобустарын, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерін тексеруді аяқтау қажет. Бұл жұмысты бірлесіп атқарамыз деп ойлаймын", - деді Оқу-ағарту министрі.

 
Ішкі істер министрлігінің басшысы Марат Ахметжанов ведомствоның барлық жеке құрамы оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті. Оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керегі айтылады. ІІМ басшысы елордалық гимназиялардың біріне өзі де баратынын атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны