13.09.2022, 16:01 19061

Конституциялық заң жобасына елорданы Астана деп қайта атау туралы ұсыныс енгізілді

Конституциялық заң жобасына елорданы Астана деп қайта атау туралы ұсыныс енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚЫРКҮЙЕК - Конституциялық заң жобасына елорданы Астанаға қайта атау туралы ұсыныс енгізілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Руслан Желдібайдың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді", - деп жазды желідегі парақшасында Руслан Желдібай.

 
Оның айтуынша, Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.
 
Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. 
 

Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс", - деп қосты баспасөз хатшысы.

 
Естеріңізге сала кетейік, мегаполиске бұрынғы атауы - Астана атауын қайтаруды "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері ұсынған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны