02.05.2022, 17:13 13911

Маңғыстауда шаңды дауыл салдарынан тас жолдағы қозғалыс шектелді

Шектеу 2 мамырда 13.30-дан бастап енгізілді.
АҚТАУ. 2 МАМЫР - Маңғыстау облысында шаңды дауылдың салдарынан Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау тас жолының учаскесінде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY QazaqAvtoJol-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Қазақавтожол" ЖШС-нің Маңғыстау облыстық филиалы ауа-райының нашарлауына байланысты (шаңды дауыл, көрінудің шектелуі) – 02.05.2022 жыл сағат 13:30-те Республикалық маңызы бар автомобиль жолында көліктің барлық түрлеріне қозғалысқа шектеулер енгізілді: "Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау" 647-712 шақырым аралығы, "Шетпе-Жетібай" уч. Бұл туралы Qazaqavtojol Telegram-арнасы хабарлайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны