19.08.2021, 20:04 11877

Мектеп мұғалімдері оқулықтарды өздері таңдай алады

НҰР-СҰЛТАН. 19 ТАМЫЗ - Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерге қандай оқулықтар бойынша сабақ беруді таңдауға мүмкіндік беретін норма әзірлейді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жыл сайынғы тамыз конференциясында айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Біз педагогтардың өздеріне, олардың пікірінше, ең тиімді болып табылатын оқулықтарды таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету өте маңызды деп санаймыз", - деді БҒМ басшысы.

 
Ол бүгінгі таңда Қазақстанда гимназиялар, лицейлер, жалпы білім беретін мектептер үшін олардың бейінін есепке алмай бірыңғай оқулықтар қолданылатынын атап өтті. Жаңа норма мектептер мен педагогтардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқулықтарға тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
 
Бұл жаңалық барлық мектептер үшін бірыңғай болып қалатын Қазақстан тарихы мен Дүниежүзілік тарих жөніндегі оқулықтарға таралмайды, деп нақтылады министр.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңа оқу жылы Қазақстанда дәстүрлі форматта басталады. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, алғашқы қоңырау тек бірінші сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны