11.08.2021, 18:46 11359

Алғашқы қоңырау дәстүрлі форматта тек 1-сынып оқушылары үшін өтеді

НҰР-СҰЛТАН. 11 ТАМЫЗ - Білім күніне арналған алғашқы қоңырау Қазақстанда тек бірінші сынып оқушылары үшін өтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Білім күні" Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады және алғашқы қоңырау дәстүрлі форматта тек 1-сынып оқушылары үшін өтеді. 1-сынып оқушыларына "Әліппе" ("Букварь") табысталады", — деді А. Аймағамбетов.

 
Ол, сондай-ақ, 2-11 сынып оқушыларына бекітілген кабинеттерде сынып сағаттары өткізілетінін қосты.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны