09.03.2021, 22:04 20581

Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады

Нұр-Сұлтан. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Оқушылардың көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында 12 күн болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сабақтар төртінші тоқсанда 1 сәуірде басталады.
 
Сондай-ақ, БҒМ үшінші тоқсанда бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болғанын еске салды. Олар 7 күнге созылды, 8 ақпаннан 14 ақпанға дейін.
 
9 наурызда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысы күшіне енді.
 
Құжатқа сәйкес 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етілген:
 
- оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;
 
- 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға;
 
- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, "1 сынып - 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);
 
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны