11.01.2022, 11:26 29201

Нұр-Сұлтанда халықаралық әуе қатынасы толығымен қалпына келтірілді

ҚР бойынша барлығы 35 рейсті орындау жоспарланып, 20 рейс тоқтатылды.
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАҢТАР - Нұр-Сұлтанда екі әуе компанияның рейстерін қоспағанда, халықаралық әуе қатынасы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлағандай, "Lufthansa" және "Tukrish Airlines" әуе компанияларының рейстерін қоспағанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық әуе қатынасы толығымен қалпына келтірілді.
 
2022 жылғы 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласынан/қаласына Мәскеу, Минск, Дубай, Варшава, Франкфурт, Ташкент, Пхукет, Новосибирск, Коломбо, Анталия, Кутаиси қалаласынан/қалаларына 27 халықаралық рейсті орындау жоспарланып отыр. Рейстерді тоқтату жоспарланбаған.
 
Ақтау, Шымкент, Түркістан қалаларынан Гоа, Ыстамбұл, Махачкала, Грозный қалаларына 8 халықаралық рейс орындау жоспарланып отыр, Алматы және Ақтөбе қалаларынан Ыстамбұл, Дубай, Мале, Ташкент, Мәскеу, Самарқанд, Коломбо, Шарджа, Баку, Нүкіс қалаларынан/қалаласына 20 рейс орындалмады.
 
ҚР бойынша барлығы 35 рейсті орындау жоспарланып, 20 рейс тоқтатылды.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны