01.06.2021, 21:57 9744

Нұр-Сұлтанда Малахов көшесінің учаскесі уақытша жабылады

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 1-3 маусым аралығында автокөлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
НҰР-СҰЛТАН. 1 МАУСЫМ - Нұр-Сұлтанда Малахов көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Малахов көшесіндегі жол төсемін жөндеу жұмыстарын бастайды.
 

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 1-3 маусым аралығында Кеншілер көшесінен Сусамыр көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысы толығымен жабылатын болады", - деп нақтылады ведомствода.

 
Асфальттың беткі қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
 

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", — делінген көлік басқармасының хабарламасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны