29.03.2021, 19:55 16291

Нұр-Сұлтанда тағы да карантин күшейтілді

НҰР-СҰЛТАН. 29 НАУРЫЗ - Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына және КВИ ауруының өсуіне байланысты Нұр-Сұлтанда карантиндік және шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қаулыға сәйкес, жексенбіде қалалық қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Сонымен қатар, жұмыс және сенбі күндері қарбалас сағаттарда автобустар саны артады.
 
Ағымдағы жылдың IV тоқсанында меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысын қашықтықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) қоспағанда, олар үшін оқыту аралас форматында (пәндердің 70% -дәстүрлі форматта, 30% - қашықтықтан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша рұқсат етіледі. Жоғары оқу орындары мен колледждердің жұмысын барлық курс студенттері үшін қашықтықтан оқыту режимінде ұйымдастыруды қамтамасыз етіледі. Білім беру мекемелерінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыруға тыйым салынады.
 
ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде алдын ала Egov.kz, "EgovKZBot 2.0" Тelegram-ботпен брондау арқылы жұмыс кестесін жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастырылады.
 
Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін және демалыс күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастырылады. Демалыс күндері дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен басқа нысандар жабық болады. Фудкорттардың жұмысы штаттық режимде тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі.
 
Мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар жұмыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істей алады. Демалыс күндері - тек азық-түлік жеткізу және алып кету үшін. Ұжымдық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.
 
Жабық азық-түлік және азық түлік емес базарлардың жұмыс кестесі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастырылады. Ашық аспан астындағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс кестесі жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастырылады.
 
Фитнес орталықтары демалыс күндері жабық болады, Ashyq пилоттық жобасына қатысатындарды қоспағанда.
 
Сұлулық салондарының, шаштараздардың, "барбер шоптың", косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтар мен салондардың жұмыс кестесі (қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 м2 есебінен) жұмыс және демалыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін ұйымдастырылады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан COVID-19 таралу дәрежесі бойынша "қызыл" аймақта қалып отыр. Соңғы тәулікте қалада 346 жаңа жағдай тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны