29.03.2022, 17:40 12706

ҚР-да 2022-2025 жылдары 62 млн шаршы метр тұрғын үй салынады деп күтілуде

Сонымен қатар, 5 201 мемлекеттік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 2 137-сі мемлекет қаражаты есебінен салынуда.
ҚР-да 2022-2025 жылдары 62 млн шаршы метр тұрғын үй салынады деп күтілуде
НҰР-СҰЛТАН. 29 НАУРЫЗ - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Кеңесте Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй салаларын дамыту перспективасы қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала болжамдары бойынша 2022-2025 жылдар аралығында Қазақстанда 62 млн шаршы метр тұрғын үй салынады деп күтілуде. Сонымен қатар, 5 201 мемлекеттік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 2 137-сі мемлекет қаражаты есебінен салынуда", - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде.

 
Қазіргі кезде 286 нысанның құрылысы тоқтатылды. 84 нысанда жұмыстардың тоқтауына бағаның қымбаттауы себеп болса, 202 құрылыс басқа да себептер бойынша (ауа райына, маусымдық шектеулер және т.б. байланысты) тоқтатылды. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, әрбір нысан бойынша жағдай сарапталып, жұмыстарды қайта бастау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
 
ҚР Премьер-Министрі нысандарды салуға өткізілетін мемлекеттік конкурстардың жосықсыз ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
 

Бюджеттік қаржыландырусыз құрылыстарға конкурстар жарияланады. Бұл – заң тәртібін бұзу. Кінәлі тұлғаларды тиісті жауапкершілікке тартуды қарастыру қажет", — деді Әлихан Смайылов. 

 
Сондай-ақ, мемлекеттік құрылысқа жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, жобалау-сметалық құжаттама құнына баға белгіленуіне талдау жүргізуді тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны