14.05.2021, 20:46 19517

ҚР-да террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жаңа талаптары бекітілді

Мемлекеттік органдар Ведомствоға бағынысты объектілерді терроризмге қарсы қорғау жөніндегі нұсқаулықты кейіннен оларды енгізу мен бейімдеу үшін әзірледі.
НҰР-СҰЛТАН. 14 МАМЫР - Қазақстан Үкіметі "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылдың 6 мамырында №305 "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы" Ұлттық қауіпсіздік комитетімен әзірленген Үкімет қаулысы қабылданды. Қабылданған қаулымен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шараларға қойылатын талаптар реттеледі", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінде.

 
Объектілердің салалық ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік органдар Ведомствоға бағынысты объектілерді терроризмге қарсы қорғау жөніндегі нұсқаулықты кейіннен оларды енгізу мен бейімдеу үшін әзірледі.
 

Қабылданған нормативтік құқықтық акті "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Үкіметтің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысының күші жойылды деп тануды қарастырады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны