22.07.2022, 16:58 18566

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасының қосымша көлемін сатып алу бойынша келіссөздер жүргізуде

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасының қосымша көлемін сатып алу бойынша келіссөздер жүргізуде
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 22 ШІЛДЕ - Қазақстан Pfizer вакцинасының тағы 300 мың дозасын сатып алады. Бұл туралы ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов айтты. 
 

Қазіргі уақытта Pfizer вакцинасының қосымша көлемін сатып алуға қатысты белсенді түрде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сөз шамамен 300 мың доза қосымша көлем жайында болып отыр. Бірақ, бұл вакцина халықтың мақсатты тобы үшін сатып алынатындығын қаперде ұстаған жөн. Яғни, ол 20 жасқа дейінгі балаларға арналған. Бұған қоса тәуекел санатына кіретін адамдар бар. Сонымен қатар отандық вакцина да сатып аламыз", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

 
Департамент директоры астанаға отандық QazVac вакцинасы қосымша сатып алынатындығын айтты. 
 

Бірақ, қай уақытта жеткізілетіндігін айта алмаймын. Қажет болған жағдайда бұл вакцинаның қалған дозасы әлі де бар", - деді Бауыржан Жүсіпов.

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны