16.01.2023, 16:40 42801

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Цефтриаксон" препаратынан қайтыс болғандар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Жалған ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Цефтриаксон" препаратынан қайтыс болғандар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Астана. 16 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда "Цефтриаксон" антибиотигін алғаннан кейін 18 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратта препаратты дәріханалардан жаппай ала бастағаны айтылады. Бұл туралы Stopfake.kz порталы хабарлайды.

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды.

"Цефтриаксонның" жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.


 "Цефтриаксон" - бұл сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген аурулар кезінде тағайындалатынн антибиотик. Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады.

Ақпарат көзі: stopfake.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны