12.08.2022, 16:42 22126

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жеті жастан бастап балаларды вакцинациялау мәселесі талқылануда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жеті жастан бастап балаларды вакцинациялау мәселесі талқылануда
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 12 ТАМЫЗ - Қазақстанда балаларды коронавирустан вакциналау жасын төмендету мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас инфекционисті Динагүл Баешева айтты.
 

Балаларды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жасын жеті жасқа дейін төмендету қаралып жатыр ма?", - деп сұрады журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 
Динагүл Баешева Қазақстандағы коронавирусқа қарсы вакциналар 12 және одан жоғары жастағыларға арналғанын еске салды.
 

Біздің консультативтік комитет балаларды вакциналау жасын төмендетуді қарастырып жатыр. Өздеріңіз білесіздер, біздің клиникалық хаттамаларымыз бен жаңалықтарымыз үнемі дәлелдік қорға, халықаралық ұсынымдарға сүйенеді. Алғашқы ұсынымдар шыққан соң, бұл мәселені бірден қарастырамыз. Әзірге біз осы құжаттармен танысып жатырмыз", - деді Динагүл Баешева.

 
Айта кетейік, Қазақстанда КВИ-ге қарсы вакциналау мен ревакциналау үшін үш түрлі вакцина қолжетімді, олар – QazVac, Sinofarm и Pfizer.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны