03.08.2021, 19:15 9611

ҚР Премьер-Министрі карантинді бұзушылықтарды анықтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. 3 ТАМЫЗ - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысы барысында мониторингтік топтардың санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуын бақылау және анықтау бөлігіндегі жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігіне санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуын анықтау және бақылау тұрғысынан мониторингтік топтардың жұмысын күшейту тапсырылды", - деп тапсырды ҚР Премьер-Министрі.

 
Ол өңірлерде 2 тамыздан бастап күшейтілген шектеу шаралары күшіне енгенін еске салды.
 

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Аурухана төсектері 56%, реанимациялық төсек орындар 44% толы. Түркістан облысынан басқа өңірлердің барлығы "қызыл аймақта" тұр. Бүгінгі таңда шамамен 9,4 млн доза вакцина қолданылды, оның ішінде вакцинаның бірінші компонентін 5,5 млн адам, екінші компонентін 4 млн адам алды", - деді Мамин.

 
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлағандай, бүгінгі таңда вакцинаның шамамен 9,4 млн дозасы пайдаланылды.
 

Оның ішінде 1 компонентпен 5 480 094 адам егілді, бұл вакцина алуы тиіс халықтың 55,4%-ын құрайды. Екінші компонентпен 3 941 941 адам немесе тиіс халықтың 39,8% қамтылған", - деді министр.

 
Оның ақпараты бойынша, министрлік 4 млн адамға 8 млн дозаны қосымша жеткізуге келісімшарт жасасты.
 

Жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Осыған байланысты, республикада халықтың вакцина алуға қолжетімділігі жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіледі", — деді А. Цой.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны