Система Orphus

Ресейдің қай қалаларында қазақстандықтар референдумда дауыс бере алады

18.05.2022, 14:53 11971
Ресейдің қай қалаларында қазақстандықтар референдумда дауыс бере алады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 18 МАМЫР - Қазақстандықтар Ресейдің бес қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша референдумда дауыс бере алады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары 2022 жылдың 5 маусымында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіндегі №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады", - делінген ҚР Ресейдегі Елшілігінің хабарламасында.

 
Мәскеуден басқа, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыдағы Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады.
 

Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет", - деп толықтырды ведомствода.

 
Бұған дейін ОСК Конституцияға түзетулер бойынша референдум өткізу тәртібі туралы айтқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны