14.11.2022, 15:23 17601

Риддердегі ЖЭО апаты: қалада мектептер мен балабақшалар жұмыс істей бастады

Риддердегі ЖЭО апаты: қалада мектептер мен балабақшалар жұмыс істей бастады
Риддер. 14 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Риддерде мектептер мен балабақшалар қысқартылған режимде жұмыс істей бастады. Жылу электр орталығындағы апат салдарынан істен шыққан төртінші қазандықты жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Instagram парақшасында.
 

Бүгін қаладағы мектептер және балабақшалар қалыпты жұмыс кестесіне көшірілді. Оқу орындарында сабақтар 30 минутқа және үзіліс уақыты 5 минутқа дейін қысқартылды. Қалада төтенше жағдай режимі сақталады", - деп жазды Ахметов.

 
Оның айтуынша, Риддердегі жылу электр орталығындағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
 

Қазіргі уақытта станцияға агрегаттардың жұмысын реттеу үшін Өскемен және Согра жылу электр орталықтарының энергетиктері мен арнайы мамандары келді. Сондай-ақ, "Терезе" және "ВК Инвест Инжиниринг" кәсіпорындарының 30 маманы келді. Бүгінгі таңда жылу орталығында №1, № 3 орташа қысымды қазандықтары мен № 6 жоғары қысымды қазандық жұмыс істеуде. № 4 ( жоғары қысымды) қазандықты автоматтандыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жақын арада аталмыш агрегатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталады", - деді өңір басшысы.

 
Оның айтуынша, қазір станцияда 260 тонна мазут бар. Бүгін тағы 5 жанармай вагоны келеді деп күтілуде.
 
Естеріңізге сала кетейік, 7 қарашада жергілікті ЖЭО апатына байланысты 22 мың тұрғын жылусыз қалды. Қалада ТЖ режимі жарияланды. 9 қарашада апаттың салдарын жойып, 2 қазандық қондырғысы іске қосылды. Алайда, сол түні № 6 қазандық істен шықты. Риддер әкімі алтыншы қазандықты іске қосу қарсаңында ЖЭО-дағы жабдықтың жағдайы нашар және кез келген уақытта істен шығуы мүмкін екенін айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны