26.09.2022, 15:37 17521

Сегіз күшейтілген ХҚКО шетелдіктерді қабылдай бастады

Сегіз күшейтілген ХҚКО шетелдіктерді қабылдай бастады
АСТАНА. 26 ҚЫРКҮЙЕК - Шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарындағы ХҚО-лар күшейтілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл шара ХҚО-да ЖСН алушылар кезегін азайтады. Енді қонақтар сегіз облыстағы арнайы күшейтілген ХҚО-ға барып, өздеріне қажетті қызметті ала алады", - деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

 
Шетел азаматтарын келесі мекен-жайлар бойынша қабылдайтын болады:
 
  • Алматы, Жетісу ауданы, Құлагер ықшамауданы, Серіков к-сі, 6а; 
  • Астана, Сауран к-сі, 7; 
  • Павлодар, Павлов к-сі, 48; 
  • Орал, Жамбыл к-сі, 81/2; 
  • Қостанай, Гашек к-сі, 14; 
  • Петропавл, Әуезов к-сі, 157; 
  • Көкшетау, Әуезов к-сі, 189а; 
  • Ақтөбе, Сәңкібай батыр даңғылы, 249.
 
ЖСН алу үшін резидент еместердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхаты, сондай-ақ өтініші болуы қажет.
 
Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды. Қазақстанда ЖСН алу барлығына тегін.
 
Барлық ХҚО-лар штаттық режимде дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз. 
 
Қонақтар "Мобильді ХҚО" қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электронды үкімет порталы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚО-ға кезекке тұру үшін алдын ала тапсырыс бере алады.
 
Бұған дейін Қазақстанда сенбі күндері 20 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейтіні хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны