21.04.2022, 17:54 25621

Сенат спикері қазақстандықтарға жер телімдерін таратуға қатысты пікір білдірді

Сенат спикері қазақстандықтарға жер телімдерін таратуға қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. 21 СӘУІР - Сенат спикері Мәулен Әшімбаев барлық қазақстандықтарды жермен қамтамасыз ету үшін коммуникацияларды әкелу қажет екенін түсіндірді.
 
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев журналистерге 10 гектар жер алуға өтініш беру туралы айтты.
 

Мен өтініш білдірген жоқпын. Бұл біздің азаматтардың құқығы, мәселе бізде Қазақстанда жер жоқтығында емес, бұл жерде де азаматтарға дұрыс түсіндіру керек, біз үлкен мемлекетпіз, жеріміз жеткілікті. 10 сотық жерді қазақ азаматтарына үлестіруге болады. Осыған қадам басып келеміз деп ойлаймын, бірақ мәселе бұл жерге коммуникация тартылуы керек, жол, жарық, су, канализация болуы керек", - деді Әшімбаев Сенат отырысында.

 
Оның айтуынша, азаматтарды жермен қамтамасыз ету үшін коммуникацияларды әкелу қажет.
 

Байланыс мәселесі бар. Бұл мәселені депутаттар біледі және көтеріп жүр. Жыл сайын коммуникация құрылысына белгілі бір қаржы бөлініп, бұл жұмыстар жалғасын тауып келеді", - деп түйіндеді сөзін Сенат спикері.

 
Әрбір қазақстандық жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекке тұра алады. Бұрын бұл үшін әкімдіктерге қағаз түрінде өтініш беру қажет болса, енді онлайн түрде өтініш беруге болады. 8 сәуірде мұндай онлайн-қызмет ресми түрде іске қосылған кезде ол 100 мыңнан астам рет пайдаланылды. Цифрлық трансформация министрлігі қызмет іске қосылғанға дейін өтініш берген кезекте тұрған 1,3 млн адамның өтінішін де электронды форматқа көшірді.
 
Ақпарат көзі: orda.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны