16.03.2023, 10:40 40701

Түркістан облысының кәсіпкерлеріне газ тарифін заңсыз көтерді

Мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға таратылып қолданылуы мүмкін
Түркістан. 16 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Түркістан өндірістік филиалы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға заңсыз талаптар жүктелген, деп хабарлайды Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ведомствода нақтыланғандай, нәтижесінде, газды тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2 - 1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға таратылып қолданылуы мүмкін.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша өнім берушінің жоғары коэффициентті қолдану мүмкіндігі жойылып, 37 кәсіпкердің құқықтары қорғалды және оларға негізсіз өндірлген 4,7 млн теңге қайтарылды. газды тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2 - 1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған", - деп қосты прокуратурада.


Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының тұрғындарына қоғамдық тыңдаулардан кейін газ тарифін төмендеткен болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны