14.03.2021, 16:49 15616

Тоқаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 
Мереке Қазақстанда 14 наурызда атап өтіледі. Бұл күні тұрғындар бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтайды, ізгі тілектерін айтады, аға ұрпаққа құрмет көрсетеді.
 

Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл - нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы", - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-аккаунтында.

 
2019 жылы Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Көрісу күнін (немесе Амал мейрамын) ресми мерекеге айналдыруды ұсынды. Ол бұл күн бұрын еліміздің барлық аймақтарында атап өтілгенін, бірақ әртүрлі себептермен өткен ғасырдың 1930 жылдарынан бастап бұл дәстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастағанын атап өтті.
 

Көрісу күні - бұл жеке алынған өңірдің немесе тек қазақ халқының мерекесі емес. Оның шекаралары кеңейіп, қоғамдық өмірдегі рөлі артып келеді. Қазір шетелде жүрген азаматтарымыз бұл күнді тойлауда", - деді Сенат депутаты.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны