26.06.2012, 17:21 2435

Иуежайда заңсыз адам таситын көлік жүргізушілері жауапкершілікке тартылды

Жеке көлігімен кісі тасып күн көретіндерді Көліктік бақылау инспекциясы қатаң бақылауға ала бастады. Алматы халықаралық әуежайында жұртты жеткізіп салып нанын тауып жүргендер болса бұған наразы. Өйткені, көбі осы кәсіпен бала шағасын асырап отыр. Бірақ Көлік инспекциясы заңсыз жолаушы тасымалдауға болмайтынын айтып, айыппұл салып тастады.

Алматы. 26-маусым. Kazakhstan Today - Иуежайда заңсыз адам таситын көлік жүргізушілері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жеке көлігімен кісі тасып күн көретіндерді Көліктік бақылау инспекциясы қатаң бақылауға ала бастады. Алматы халықаралық әуежайында жұртты жеткізіп салып нанын тауып жүргендер болса бұған наразы. Өйткені, көбі осы кәсіпен бала шағасын асырап отыр. Бірақ Көлік инспекциясы заңсыз жолаушы тасымалдауға болмайтынын айтып, айыппұл салып тастады.

Бұл нәпақасынан айырылған такси жүргізушісінің жан айқайы. Бірақ оның айқайын түсінетін Көлік бақылау инспекциясының маманы жоқ. Халықаралық деңгейдегі әуежайдан түсетін қонақтарға жапа тармағай тап беретін көлік жүргізішілерін тәртіпке салмақ болып, тексеріске шыққан инспекция өкілдері біраз олқылықтың бетін ашты.

Алматы қаласы бойынша 3 мыңнан астам адам көлік жүргізушісі, ел жұртты тасып күн көреді. Тек әуежай маңында жеке такси жүргізушілерінің 15 пайызы ғана Салық комитетінде тіркелген. Олар өткен жылы мемлекетке 30 миллион теңге салық төлепті. Сондықтан, осындай салықтан жалтарып жүргендер бұдан былай Көліктік бақылау инспексиясының бақылауына алынбақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны