01.06.2026, 10:25 34361

Қырғыз ғалымы Қазақстан Президентінің "Әке туралы ой-толғау" кітабын жоғары бағалады

Қырғыз ғалымы Қазақстан Президентінің "Әке туралы ой-толғау" кітабын жоғары бағалады
Сурет: gov.kz
Қырғызстанның Ош мемлекеттік университетінің ректоры, ғылым докторы, профессор Құдайберді Қожобеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қырғыз тілінде жарыққа шыққан "Әке туралы ой-толғау" кітабын жоғары бағалады. Бұл туралы Ош қаласындағы Қазақстанның бас консулы Мұхтар Қарібай мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Құдайберді Қожобеков "Ғұмыр - дәуір" атты мақаласында ежелден бері бауырлас қазақ және қырғыз халықтарының ортақ тағдыры туралы баяндаған. Ол қазіргі өскелең ұрпақтың екі ел тарихын, мәдениетін, тілін және әдебиетін терең зерделеуінің маңызды екендігін тілге тиек етеді.

Ғалым Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Атам жөнүндө баян" ("Әке туралы ой-толғау") кітабының екі бауырлас халық арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудағы және ортақ тарихи мұраны сақтаудағы маңызын ерекше атап өтеді. Аталмыш кітапта баяндалған жуықтағы оқиғалар, Қырғызстанмен тығыз байланысты бір отбасының қайғылы тағдыры, сондай-ақ белгілі жазушы әрі қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың өмір жолы ешбір оқырманды бейжай қалдырмайтыны сөзсіз.

Әсіресе оның Фрунзеде өткен балалық шағы мен жастық шағы, интернаттағы оқуы, майданға аттануы және отбасының жалғыз аман қалған мүшесіне айналған жас жігіттің күрделі тағдырына арналған жазбалар ерекше қызығушылық тудырады. Автордың пікірінше, Кемел Тоқаевтың жауынгерлік және еңбек жолы, оның тұлға әрі жазушы ретінде қалыптасуы тұтастай бір буынның тағдырын сипаттайды.

Ғалым бұл кітаптың авторы өзінің туған әкесінің тағдыры арқылы тұтас бір дәуірдің шынайы келбетін ашып көрсететінін ерекше атап өтеді.

Ректор сондай-ақ кітаптың Қазақстан мен Қырғызстан жастарын патриотизм, ұлттық сана-сезім және бауырлас халықтардың ортақ тарихи-мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны