13.09.2022, 18:26 41546

Жыл басынан бері Қазақстаннан 15 мыңнан астам адам кетті

Жыл басынан бері Қазақстаннан 15 мыңнан астам адам кетті
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚЫРКҮЙЕК - Ағымдағы жылдың жеті айында Қазақстаннан 15 мыңнан астам адам кетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға 8 372 адам келіп тіркелді, ал елімізден 15 547 кетті, көші-қонның айырымы -7175 адамды құрады.
 

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі тиісінше 84,1% және 84,6%. Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 1,8%-ға кеміді", - делінген хабарламада.

 
Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңіріне тиесілі: Алматы (+20 860 адам), Нұр-Сұлтан (+19 007 адам) және Шымкент (+2 140 адам).
 
2022 жылғы қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-шілдемен (162,7 мың адам) салыстырғанда 9% кеміп, 148,1 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 12,99 адамды құрады.
 
2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында 227,9 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылғы қаңтар-шілдеге (256 мың адам) қарағанда 11% аз. Қарастырылып отырған кезеңде 79,8 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-шілдеге (93,3 мың адам) қарағанда 14,5% аз.
 
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы халық санағын ескере отырып, Қазақстан халқының санын айтқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны