13.08.2021, 20:05 20513

Тоқаев Токио Олимпиадасына қатысушыларға мемлекеттік наградалар беру туралы Жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. 13 ТАМЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 тамызда елге медаль әкелген спортшыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Токио-2020 ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін наградталсын: ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Сметов Елдос Бақтыбайұлы — "Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы", - делінген құжатта.

 
Сонымен қатар, Зульфия Чиншанлоны ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы шешім қабылданды. "Құрмет" орденімен Дархан Асәділов, Софья Берульцева, Сәкен Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нурислам Санаев және Игорь Сон марапатталады. Бұл спортшылардың барлығы Олимпиадада қола медаль жеңіп алды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Токио-2020 өткен Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 83-орынды иеленді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны