27.03.2023, 08:18 35101
Футболдан Қазақстан құрамасы сенсациялық түрде Данияны жеңді
Сурет: Sports.kz
Достарға айту
Матч Астанада өтті
Астана. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында кеше Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниямен кездесті.
Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.
Кешегі кездесуде даниялық футболшылардың басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде олардың қатарынан Расмус Хёйлунн 21, 36-минутта қос гол соғып, басымдықты арттырды.
Екінші кезеңде қазақстандық құраманың да белсенділігі байқалды. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Ойынның 73-минутында даниялық футболшылар өзінің айып алаңында ереже бұзды. Қақпаға белгіленген пенальтиден Бактиёр Зайнутдинов мүлт кеткен жоқ.
Ал, 86-минутта Асхат Тағыбергеннің алыстан шірене тепкен добы қақпа торында тулап жатты. Қазірге дейін 43 ойын өткізген ол алғашқы голын соқты. Сондай-ақ, 89-минутта әуелеп келген допты Абат Айымбетов баспен қақпаға енгізді.
Осылайша, Қазақстан қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен еді. Оның барлығында даниялық футболшылар жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы қазақстандық құрама сол кеткен есені қайтарды.
Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.
Кеше Н тобында, сондай-ақ Словения - Сан-Марино, Солтүстік Ирландия - Финляндия құрамалары кездесті.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.06.2026, 18:00 7346
Шайдоровқа Олимпиададағы жеңісі үшін 250 000 доллар төленбек
Сурет: Sports.kz
Достарға айту
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа қысқы олимпиададағы жеңісі үшін 250 000 доллар төленді, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпия ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау) пен үздік алтылыққа енген Надежда Морозоваға (конькимен жүгіру) ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады", деп көрсетілген хабарламада.
Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер бөлінді. Жалпы алғанда, 2 спортшы мен 5 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Михаил Шайдоровқа 250 000 АҚШ доллары, Надежда Морозоваға 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай сыйақы қарастырылған. Ақшалай сыйақы жүлдегер спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына төленді.
Сонымен қатар, Олимпиада жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан да қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді деп жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 11:52 13211
"Атырау" ФК сербиялық шабуылшымен келісімшарт жасасты
Достарға айту
Атырау" футбол клубы құрамын сербиялық шабуылшы Джордже Максимовичпен толықтырды, деп хабарлайды Kazinform.
Клубтың мәліметінше, 26 жастағы футболшымен 2027 жылдың соңына дейін, яғни бір жарым жыл мерзімге келісімшартқа қол қойылған.
Джордже Максимович кәсіби мансабында Сербия, Сингапур, Грекия, Индонезия және Черногория чемпионаттарында өнер көрсеткен. Әртүрлі турнирде 144 матчқа қатысып, 53 гол соққан.
Сербиялық шабуылшы - Сербияның "Раднички 1923" клубының түлегі. Ол аталған команданың негізгі құрамында 2017 жылы дебют жасаған.
Еске салайық, "Атырау" футбол клубы толықтай жекеменшік басқаруға өткені белгілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.06.2026, 09:10 15796
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде енгізілді
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Қазақстанның көрнекті боксшысы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында орналасқан Халықаралық бокс даңқы залына (International Boxing Hall of Fame, IBHOF) ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Салтанатты рәсімге әлемдік бокс қауымдастығының өкілдері, қазіргі және бұрынғы әлем чемпиондары, спорт журналистері, сарапшылар, сондай-ақ түрлі елдерден келген көптеген бокс жанкүйерлері қатысты.
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына үміткер болу құқығына ие болған алғашқы жылы-ақ сайланып, 2026 жылғы лауреаттар қатарына Антонио Тарвер және Найджел Беннмен бірге енді. Тиісті шешім боксты жариялайтын Журналистер қауымдастығы мүшелерінің, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен осы спорт түрінің тарихшыларының дауыс беру қорытындысы бойынша қабылданды.
Кәсіби мансабында Геннадий Головкин WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды, дивизион рекордын қайталай отырып, орта салмақтағы чемпиондық атағын 20 рет сәтті қорғап, өз буынының ең көрнекті боксшыларының қатарына лайықты түрде кірді.
Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқы залына енгізілуі оның айрықша спорттық жетістіктері мен әлемдік бокстың дамуына қосқан елеулі үлесінің халықаралық деңгейде мойындалуы болып табылады. Бұл оқиға қазақстандық бокс мектебінің жоғары деңгейін және оның осы спорт түрінің дамуына қосқан маңызды үлесін де айқындайды.
Қазақстан үшін бұл оқиғаның маңызы ерекше, өйткені ол отандық спорт тарихындағы маңызды белестердің бірі саналады.
Анықтама: Халықаралық бокс даңқы залы (International Boxing Hall of Fame, IBHOF) 1989 жылы Нью-Йорк штатының Канастота қаласында құрылған және көрнекті спортшылар мен бокс қайраткерлерінің жетістіктерін мәңгі есте қалдыруға арналған әлемдегі ең беделді мекемелердің бірі болып табылады. Әр жылдары Даңқ залына Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Шугар Рэй Леонард, Джо Фрейзер, Джордж Форман, Мэнни Пакьяо, Виталий және Владимир Кличко, Константин Цзю және басқа да әйгілі боксшылар енгізілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2026, 17:45 35321
Мемлекет басшысы "Атлетико де Мадрид Қазақстан" футбол академиясына барды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірегей спорт жобасы - "Атлетико де Мадрид Қазақстан" халықаралық деңгейдегі футбол академиясының қызметімен танысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы академияның 180 балаға арналған жатақханасын аралап көрді. Қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген 116 бала жаттығады. Академия ойыншыларын испандық бапкерлер іріктеп, оған Қазақстанның барлық өңірінен 4 мыңнан аса бала қатысты. Орталықта жас футболшылардың толыққанды оқу үдерісіне, жаттығулары мен жеке даярлығына барлық жағдай жасалған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа академияны дамыту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту жоспары көрсетілді. Осы орайда жасанды көгалы бар екі ашық футбол алаңын, 500 орындық жабық манеж және әкімшілік-тұрмыстық кешеннің жаңа ғимаратын салу көзделген.
Президентке академия орнын таңдауда балаларды шыңдай түсетін табиғат факторлары ескерілгені айтылды. Алматы облысының Талғар ауданындағы таудың таза ауасы мен жағымды климат бала ағзасының тез қалпына келуіне септігін тигізеді.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жабындысы FIFA талаптарына сай келетін футбол алаңын көрді, сондай-ақ допты игеру техникасы мен испан әдістемесі бойынша командалық іс-қимыл дағдыларын пысықтауға кіріскен жас футболшылардың жаттығуын тамашалады.
Мемлекет басшысы академия өрендерімен жылы рәуіште әңгімелесті. Кездесуден естелік ретінде футбол добына қолтаңба қалдырды.
Іс-шараға Испанияның Қазақстандағы елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, "Атлетико Мадрид" футбол клубы директорлар кеңесінің мүшесі Давид Вилья, аталған клубтың академия істері және халықаралық даму жөніндегі директорының орынбасары Мария Тереса Кириви қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.05.2026, 12:38 67626
Астанада үстел теннисінен әлем чемпионатының ресми таныстырылымы өтеді
Сурет: depositphotos.com
Достарға айту
2026 жылғы 20 мамырда Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты - ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 турнирінің ресми таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды чемпионаттың баспасөз қызметінен.
Іс-шара ADD Table Tennis Center Astana орталығында ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, спорт қауымдастығы, бизнес, туризм саласы және креативті индустрия өкілдері қатысады.
Аталған таныстырылым Қазақстанның Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) қолдауымен өтетін әлем чемпионатын қабылдауға дайындық жөніндегі халықаралық науқанның ресми бастауына айналып, Астананың ірі халықаралық спорттық және іскерлік іс-шараларды өткізуге арналған заманауи алаң ретіндегі мәртебесін айқындай түседі.
Бағдарлама аясында Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) туын таныстыру, Astana 2027 ресми бейнеролигінің көрсетілімі, турнир тұжырымдамасының таныстырылымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясы басшылығы мен чемпионатты ұйымдастыру комитеті өкілдерінің сөз сөйлеуі жоспарланған.
Сонымен қатар, қонақтарға болашақ демеушілік және туристік бағдарламалар, қолөнершілер мен креативті индустрия өкілдерін тартуға бағытталған бастамалар, сондай-ақ чемпионаттың ресми маскоттарын әзірлеу бойынша байқау туралы ақпарат ұсынылады. Іс-шара қатысушылары үшін үстел теннисі бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 турнирін өткізу халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытуға, оқиғалық туризмді ілгерілетуге және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуға маңызды серпін береді.
Өтетін күні: 2026 жылғы 20 мамыр
Уақыты: 14:00-15:00 - Қонақтарды қарсы алу, шеберлік сабақтарының көрсетілімі, кофе-брейк 15:00-16:00 - Іс-шараның ресми бағдарламасы
Өтетін орны: ADD Table Tennis Center Astana, Қабанбай батыр даңғылы, 47/1 Қатысушылар саны: 150 адам
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 19:09 80806
Қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде екі рет үздік бестікке енді
Сурет: olympic.kz
Достарға айту
Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды olympic.kz агенттігі.
Ат снарядындағы жаттығуда Роман Хегай 13,600 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Ал Зейнолла Идрисов 13,133 ұпаймен алтыншы нәтиже көрсетті.
Нуртан Идрисов сақиналардағы жаттығудың финалында 13,166 ұпай алып, бесінші орынды иеленді.
Қол тіреп секіру жаттығуының финалына шыққан Асан Сәлімов жарысты алтыншы орынмен аяқтады (13,583). Ал кермедегі жаттығуда Роман Хегай 11,233 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2026, 09:27 114611
"Қазақстан тарихта тұңғыш рет қысқы Паралимпиадада екі медаль еншіледі" - Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бүгін, 17 наурызда елорда әуежайында пара биатлоннан қысқы Паралимпиада чемпионы әрі пара шаңғы жарысынан қола жүлдегері Ербол Хамитовты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Спортшыны жанкүйерлер, туған-туыстары және спорт саласының өкілдері күтіп алды. Ербол Хамитовты пен ұлттық құраманың спортшыларын Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілі Бахыт Сапаров құттықтады.
Бүгін еліміз үшін қуанышты күн. Тарихымызда алғаш рет Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан алтын медаль жеңіп алып, оған қоса бір Паралимпиадада екі бірдей медаль еншіледік. Бұл нәтиже - ерен еңбек пен тыңғылықты дайындықтың, мықты рухтың көрінісі. Осы ойындарға ұлттық құрама 7 спортшымен 2 спорт түрінен қатысып, жалпыкомандалық есепте 18-орынға тұрақтады. Спортшылардың әрқайсысы ел намысын абыроймен қорғады. Біз сіздермен мақтанамыз", - деді ол. Сондай-ақ, министр бапкерлер құрамының еңбегін де атап өтті.
Шара барысында демеушілік танытқан құрылыс компаниясы Ербол Хамитовқа екі бөлмелі пәтердің кілті табыстады.
Өз кезегінде спортшы да жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, арман-мақсатқа адал болу керектігін атап өтті. Ол бұл жетістік алдағы уақытта бұдан да үлкен нәтижелерге жетуге мотивация беретінін айтты.
Айта кетейік, Милан-Кортина қысқы Паралимпиада Италияда 6-15 наурыз аралығында өтті. Оған 55 елден 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.03.2026, 11:54 120176
Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиадасының басталуына 4 күн қалды
Достарға айту
Италияның Милан - Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XIV қысқы Паралимпиаданың басталуына небәрі 4 күн қалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Биылғы дүбірлі додада Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі. Олар: Ербол Хамитов, Нұрлан Әлімов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев және Анна Грачева.
Құрама сапындағы ең жас спортшы - пара шаңғы жарысында өнер көрсететін Владислав Кобаль. Ол небәрі 17 жаста. Ал команданың ең тәжірибелі әрі жасы үлкен мүшесі - пара шаңғы және пара биатлоннан бақ сынайтын Сергей Усольцев. Оның жасы 51-де.
Ұлттық құрамадағы тәжірибелі спортшылардың бірі - Александр Герлиц. Ол 2022 жылғы Бейжің Қысқы Паралимпиадасының пара биатлоннан қола жүлдегері. Сонымен қатар, 2018 жылғы Пхёнчхан Паралимпиадасында пара шаңғы жарысынан үздік төрттіктің қатарына енген.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ербол Хамитов - пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан Әлем чемпионаттарының жүлдегері және бірнеше мәрте Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы. 2022-2023 жылғы маусымда ол пара шаңғы жарысынан әлем чемпионы атанып, Қазақстан тарихында осы жетістікке қол жеткізген алғашқы пара спортшы болды. Ал 2024-2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жетіп, 31 жылдан кейін Қазақстанға Хрусталь глобусты қайта әкелді.
Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада 6-16 наурыз аралығында Италияда өтеді. Байрақты додаға әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Биылғы ойындар ерекше маңызға ие - Қысқы Паралимпиада қозғалысының 50 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Алғашқы Қысқы Паралимпиада 1976 жылы Швецияның Эрншёльдсвик қаласында өткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.06.2026, 15:07Бектенов жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына қарсы бақылауды күшейтуді тапсырды 20.06.2026, 13:17 29801Алматыға Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі келді20.06.2026, 14:10 29221Атырауда балық шаруашылығын дамытуға арналған 100 гектарлық аквазона құрылады20.06.2026, 14:35 25166"Қазыналы Каспий" халықаралық фестиваліне 5 мыңнан астам атыраулық қатысты20.06.2026, 18:46 12956Қазақстан Ауғанстанға дәрігерлер тобы және 319 тонна гуманитарлық көмек жіберді
16.06.2026, 09:44 107651ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті16.06.2026, 12:31 106456Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасады19.06.2026, 09:30 98581Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды19.06.2026, 09:58 97916Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды17.06.2026, 14:20 92721Алматы тұрғындары Көкжайлауға баратын бағыт бойындағы ағаштарға салынған белгілерге алаңдаушылық танытуда
22.05.2026, 20:31 251996Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237696Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 208126ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады22.05.2026, 16:58 190981Астанада Қазақстан-Норвегия Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті22.05.2026, 18:37 190531Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

