28.09.2021, 18:35 146991

Президент футзалдан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының жартылай финалына өтуімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. 28 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының жартылай финалына өтуімен құттықтады, деп хабарлайды KAZKAHSTAN TODAY Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалдық матчында Қазақстан құрамасы Иранға қарсы ойнады, деп жазады Sports.kz.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны